«Біз бақытты жанұя» шарасы өткізілді

«Біз бақытты жанұя» шарасы өткізілді

09.09.2024 Off By Администрация сайта

Бүгін Отбасы күніне орай «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалының қолдауымен Ақтау қаласындағы жеке касипкерлердын демеушілігімен ерекшелігі бар балалар мен аналардың қатысуымен «Біз бақытты жанұя» атты тамаша шара өткізілді. Шараға облыстық салалық кәсіподағы Төрағасы Аллаберген Қонарбаев және касиподак белсенділері, «Лагуна» демалыс орталығының директоры Алишер Крымов және ата – аналар мен ерекше балалар қатысты.

Алдымен балаларға спорттық жаттығу шарасы, ашық бассеин айдынында еркін жүзу шарасы содан соң ақ дастархан жайылды. Ақ дастарханның соңында әнші James Pazzi орындауында әндер орындалды. Шара соңында филиал төрағасы Аллаберген Қонарбаев демеуші және бұл тамаша істі ұйымдастырушыларға қор атынан Алғыс хатпен марапаттады. Ерекшелігі бар балалар мен аналар өз ризашылықтарын білдірді. Осындай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады дейді ұйымдастырушылар. Мереке құтты болсын!