«Көлсай-Қайыңды-Шарын» саяхаты

«Көлсай-Қайыңды-Шарын» саяхаты

05.09.2024 Off By Администрация сайта

Еліміздің табиғи көрікті жерлері талайдың таңдайын қақтырады. Қазақ жері бұл шексіз жазық дала ғана емес, мұнда Табиғат ананың қолынан шыққан керемет туындылар жетерлік.

Басына бұлт қонған мұнаралы асқар таулары, қолдан қашап жасағандай мінсіз сұлу шатқалдары мен жартастары, көк аспанмен астасқан көкпеңбек өзен сулары, табанына тасы батпайтын сусылдаған жұмсақ құмдары – мұның барлығы біздің кең байтақ еліміздің байлығы.

Еліміздің көрікті жерлері мен әсем табиғатын тамашалау мақсатында «Қызмет»  Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалы   30 тамыз – 2 қыркүйек аралығында «Көлсай-Қайыңды-Шарын» бағыты бойынша  саяхат турын ұйымдастырды. Саяхатқа 49 кәсіподақ мүшесі   барды.

Саяхатшылар табиғат аясында керемет демалыста болып, сұлулығына көз тоймайтын Көлсай  мен Қайыңды көлдерін, Қара шатқал мен «Алқаптар ғимараты» деп аталатын Шарын шатқалының сыр тұнған табиғат сыйын тамашалады. Керемет әсер алып, ерекше көңіл-күймен қайтты.

Саяхатқа барған кәсіподақ мүшелері ризашылықтарын білдірді.