Жан-Ару бөбекжай балабақшасынан кәсіподақ ұйымы ашылды
03.05.20242024 жылғы 3 мамыр күні Шымкент қаласының білім басқармасы «Жан-Ару» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, “Қызмет” салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірді.
Мекемеде жұмыс жасап жатқан 31 адам толығымен кәсіподаққа мүше етіп қабылдауға өз өтініштерін беріп, жалпы жиналыстың қаулысымен кәсіподақ ұйымы құрылды.
Жалпы жиналыста кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Мереке Мұратқызы Серікбаева және тексеру комиссиясының төрайымы болып Назира Туленова сайланды.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, «Жан-Ару» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің жұмыс берушісі – меңгеруші Айгүл Құралқызы Байтохаеваның және қызметкерлер атынан кәсіподақ комитетінің төрайымы Мереке Мұратқызы Серікбаеваның арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.
Сондай-ақ, мекеменің 2024-2028 жылдарға арналған ұжымдық шарты қыбылданып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясына тіркеуге жолдады.