Онлайн отырыс өтті

Онлайн отырыс өтті

02.05.2024 Off By Администрация сайта

Облыс аумағындағы төтенше жағдайды ескеріп «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының аудандық кәсіподақ төрағаларының қатысуымен онлайн отырыс өткізілді.
Отырыста аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды, соның ішінде су тасқынынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету мәселесіне ден қойылды.
Қазіргі таңда салалық кәсіподаққа мүше мекемелердің ұжымдық шарттарында апаттардан зардап шеккен мүшелерге жұмыс беруші тарапынан ең азы еңбекақы көлемінің 30 пайызынан 100 пайызға дейін төлемақы жасау міндеттері қарастырылған. Өкінішке орай, облыстық филиалдың ұсыныстарын ескермей, ұжымдық шарттарға апат кезінде төлемақы жасау тармақтарын қоспаған аудандар да бар екендігі анықталды.

Осы себепті облыстық филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова кәсіподақ төрағаларына осы мәселені қатаң бақылауға алуларын және тиісті төлемдердің жасалуын қамтамасыз етулерін тапсырды.
Айта кету керек, апат нәтижесінде Қобда, Ырғыз, Темір, Әйтеке би, Ойыл ауандарында бірқатар кәсіподақ мүшесі зардап шегіп отыр. Бүгінгі күні «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық комитеті де, облыстық филиал да зардап шеккен мүшелеріне барынша қолдау көрсету шараларын пысықтап жатыр.

Сонымен қатар, отырыста филиал басшысы биыл күз мезгілінде есептік-сайлау науқаны өтетіндігін хабардар етіп, кәсіподақ төрағаларына есеп беруге дайындалу, ұжымдық шарттарды қайта бекіту жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.