Жастар кеңесінің нышаны бекітілді
25.04.2024«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің ресми нышаны бекітілді.
Нышанды анықтау үшін жастар кеңесі мүшелерінің арасында конкурс ұйымдастырылған болатын. Конкурсқа кеңес мүшелері белсенді қатысып, онға жуық жұмыс түсті.
Нәтижесінде Ойыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы Нұрлан Айтқалиевтің конкурсқа ұсынған жұмысы үздік деп танылып, жастар кеңесінің ресми нышаны ретінде бекіту туралы шешім қабылданды.
Алдағы уақытта облыстық филиал, кеңес тарапынан ұйымдастырған әрбір шарада кеңес мүшелері нышан белгіленген төсбелгімен ерекшеленетін болады.