Әлеуметтік әріптеспен кездесуден кейін кеңес отырысы өтті

Әлеуметтік әріптеспен кездесуден кейін кеңес отырысы өтті

22.04.2024 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласында Әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыпов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асыловпен кездесіп, әлеуметтік әріптестік шеңберінде атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарына тоқталып, алда жүзеге асырылатын мәселелерді талқылап, мақсат міндеттерін айқындады.

Кездесуден кейін Шымкент қаласының «Айдана Плаза» қонақ үйінің конференц-залында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Орталық Кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Орталық кеңестің отырысында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов 2023 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары мен 2024 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндады.Сондай-ақ, Орталық Кеңесте Алматы облысы, Жетісу облысы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстық филиалдарының 2023 жылдың өткен кезеңіндегі жұмыстары туралы, Тексеру комиссиясының жұмысы туралы, бюджеттің орындалуы мен бекітілуі туралы есеп, «Қызмет» салалық кәсіподағының жаңа наградаларын бекіту туралы мәселелер қаралды.Кеңейтілген отырыс барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының «2023 жылдың үздік филиалы» байқауының қорытындысы жарияланды:І орынды – Астана қаласы бойынша филиалы;II орынды – Қостанай облыстық филиалы;III орынды – Ақтөбе облыстық филиалы;- «Тез дамып келе жатқан филиал» номинациясын Шымкент қалалық филиалы;- «Әлеуметтiк әрiптестiк және ұжымдық-шарттық кампания» номинациясын Түркiстан облыстық филиалы;- «Ақпараттық және мәдени-бұқаралық қызмет» номинациясын Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы иеленді.Көшпелі отырыстың соңында марапаттау рәсімі өтті.