ШҚО кәсіподақтары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

ШҚО кәсіподақтары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

22.04.2024 Off By Администрация сайта

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөнінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын.

Осы акцияның екінші аптасы – «Киелі мекен» атты сенбілік аптасына Шығыс Қазақстан облысының «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелері белсенді түрде қатысты. Мысалы, Өскемен қаласының жастар ресурстық орталығының ( басшысы Б.Ербол) ұйымдастыруымен қаланың жастары және белсенді еріктілер Чечек асуындағы бұлақтың айналасын тазартуға атсалысты.