Кәсіподақ белсенділері Арыстанбаб мавзолейінде болды

Кәсіподақ белсенділері Арыстанбаб мавзолейінде болды

22.04.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен кәсіподақ белсенділері Түркістан облысының қасиетті орындарының бірі – Отырар ауданының Шәуілдер ауылындағы Арыстанбаб мавзолейінде болып, ондағы кешен жұмысымен танысып, бейіт басында ата-баба рухына арналған құран оқып, арнайы орында ас беріп, зиярат жасап қайтты.Арыстан баб кесенесі – көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған.

Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35×12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделген. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.