«Serpin» бастауыш кәсіподақ ұйымы  кәсіподақ көшбасшысын қайта сайлады

«Serpin» бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ көшбасшысын қайта сайлады

18.04.2024 Off By Администрация сайта


Кеше ҚР Көлік министрлігі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы «Serpin» бастауыш кәсіподақ ұйымының есептік-сайлау конференциясы өтті.

Есептік-сайлау конференциясына «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, ҚР Көлік министрлігі аппарат басшысының м.а. Бақытбек Төлеубаев қатысты.

Конференция барысында «Serpin» БКҰ төрағасының соңғы бес жылдағы есебі және тексеру комиссиясының есебі тыңдалды.

Конференцияда Вера Васильевна Абоимова бірауыздан «Serpin» БКҰ-ның төрағасы болып қайта сайланды.

Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер кәсіподақ мүшелерін сауықтыру жөніндегі жұмысты жандандыру, ұжымдарда корпоративтік рухты күшейту, кәсіподақ мүшелерінің санын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру болып белгіленді.

Есептік-сайлау конференциясы барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтың рөлі туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ол бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне зор денсаулық, жұмыстарына зор табыс тілеп, В.В. Абоимованың және кәсіподақ комитетінің мүшелерінің адал қоғамдық қызметін атап өтті және алдағы уақытта жемісті жұмыс істейтініне үміт білдірді.