Тәрбие басы – тал бесіктен

Тәрбие басы – тал бесіктен

18.04.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының «Алтын -Жан» бөбекжай балабақшасында наурыз мерекесінің жалғасын тапқан «Армысың, әз – Наурыз!» іс-шарасы өтті.

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында өткен іс-шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балабақша тәрбиеленушілерінің бойында ұлттық тәрбиені сіңіру арқылы әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрді дамыту.

Аталған іс-шараға ұжымның тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері белсене қатысып, ата-аналар мен келген қонақтарға түрлі көріністер көрсетіп, бүлдіршіндер топтары өз өнерлерін паш етті.


Бағдарлама барысында С.Әуесханов еңбек ұжымындағы кәсіподақ мүшелерін, ата-аналар мен тәрбиеленушілерді құттықтап, «Алтын – Жан» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Раушан Пернеханқызы Есқараеваға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісін табыстады.
Жиын соңында мешіт имамы құран оқып, ұжым мүшелерінің атынан құдайы тамақ берілді.