«Аялы алақан» орталығында салатанатты жиын өтті

«Аялы алақан» орталығында салатанатты жиын өтті

15.12.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, орталықтың басшысы Серік Бабакуловпен бірге орталықтың қызметкерлерін «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» табыстады.

Сонымен бірге мерекеге орай, Шымкент қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы кәсіподақ мүшелерінің 7-16 жас аралығындағы балаларының арасында республикалық балалар суреттері мен плакаттары байқауының Шымкент қалалық деңгейінде өткізілген конкурсқа осы «Аялы алақан» орталығынан қатысқан 2 оқушыға: Камалдин Бексултанның «Менің Астанам» тақырыбындағы және Давлатбек Жақсылықтың «Республика күні» тақырыбындағы суреттері үздік танылып, оларға филиалдың дипломдары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Салтанатты жиын соңы концерттік бағдараламаға ұласты.
Орталықтың басшысы Серік Бабакулов ұжым мүшелері атынан «Қызмет» салалық кәсіподағына ризашылықтарын білдірді.