Өмірді  санмен  өрнектеген  жандар!

Өмірді санмен өрнектеген жандар!

09.11.2023 Off By Администрация сайта

8 қараша – Қазақстан Республикасының Статистика қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономиялық даму стратегиясын белгілеуде статистиканың рөлі зор.
Мемлекет үшін статистиканың талдау және алдын ала болжау жұмыстарының алатын орны ерекше. Статистика мемлекет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары, экономика мен үй шаруашылығы есебін жүргізу арқылы тәуелсіз мемлекеттің атына сай ұлттық статистика жүйесі қалыптастырылды.
Әсіресе, халықтың тұрмыс жағдайын зерттеу үшін мемлекеттік басқару органдарының, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздық, кедейшілік туралы, баға, халықтың әл-ауқаты, инвестиция, төлем балансы, сыртқы экономикалық қызмет, т.б. жөнінде сапалы және жедел статистикалық ақпарат – зерттеудің маңызды көзі болып табылады.
Жиынды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Күнтуғанова Гүльнара Темірболатқызы ашып, департамент қызметкерлерін құттықтап, Агенттіктің марапаттарын тапсырды.
Өз кезегінде жиынға арнайы шақырылған «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Аралбекқызы Есебаева бір қатар қызметкерлерге еңбек адамының мүддесін қорғаудағы қызметтері үшін Ашимова Баян Калхожақызын, Калисаева Анара Галымқызын, Мирзабаев Акжол Жорабайұлынн кәсіподақтың Құрмет Грамоталарымен марапаттады. Жиын соңы мекеме қызметкерлерінің және мекеме қызметкерлерінің балаларының концерттік бағдарламасына ұласты.
Мемлекеттік саясатты іске асырушы, өмірді санмен өрнектеген Қазақстанның статистика жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Марапаттарыңыз құтты болсын!
Мереке құтты болсын, Құрметті әріптестер!