Тарбағатай ауданы мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу шаралары
09.11.20232023 жылғы 7 қарашада «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Тлеубаев Дәурен Адылханұлы, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Нұрпейісов Батырбек Айткенұлы Тарбағатай ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Аудан әкімінің орынбасары Қызов Марат Нығметоллаұлы жиынды ашып, кәсіподақ ұйымымен әлеуметтік әріптестікті аудан әкімшілігі әрқашан да назардан тыс қалтырмайтынын, оның еңбек қатынастарын реттеудегі маңыздылығын атап өтті.


Облыстық филиал төрағасы Дәурен Адылханұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан қызметтері туралы баяндап, кәсіподақ қызметін дамыту бағытындағы жоспарланған іс-шаралар бойынша ақпарат берді. Батырбек Айткенұлы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының қызметі туралы, оның ішінде еңбек адамын ұлықтау, еңбек қатынастарын реттейтін заң жобаларын жасау қызметтерін ерекше атап өтті.
Кездесуді қорытындылай отырып, аудан әкімдігі қызметкерлері аудандық кәсіподақтар комитетін құрып, оның органдарының мүшелерін сайлады. Жиын аяғында Б. Нұрпейісов пен Д. Тлеубаев аудан азаматтарына құқықтық кеңес беру бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.


8 қарашада облыстық кәсіподақтар өкілдері Тарбағатай аудандық қарттар мекемесі, балаларды оңалту орталығы, коммуналдық шаруашылық мекемесі қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында мекеме қызметкерлерінің еңбек заңнамасы бойынша сұрақтарына жауаптар берілді.
Шараға барлығы 67 адам қатысты.

