10 қазан Кәсіподақтар күні мейрамына орай салтанатты шара
10.10.20232023 жылдың 10 қазан күні Қазақстан кәсіподақтары күні мейрамына орай «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы облыстық кәсіподақтар орталығы мен облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп Достық үйінде мерекелік салтанатты шара өткізді.


Шараға облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова, облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ белсенділері және сонымен бірге облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Сүлеймен Серік Кенжебекұлы сөз сөйлеп, облыстық кәсіподақ ұйымының атқарылған жұмыстарын баяндай отырып, мерекемен құттықтап, кәсіподақ белсенділеріне қоғамдық қызметте елеулі жетістіктерге жеткендері үшін «Қызмет» Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесінің «Кәсіподақ қайраткері» медалін, «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісін, «Құрмет грамотасын», «Алғыс хатын» және облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының «Құрмет» грамоталарын табыстады.
Салтанатты шара Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілерінің әсем әндеріне ұласты.


