Кәсіподаққа Чемпиондар  тартуы

Кәсіподаққа Чемпиондар тартуы

10.10.2023 Off By Администрация сайта

Чемпиондар мекені Шардара ауданының спортшылары 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесіне арнайы волейболдан жарыс ұйымдастырды. Жарысқа «Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының № 1 Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы (команда капитаны Сакиев Ербол Абайұлы), «Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының № 3 Шардара аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы (команда капитаны Талипов Жиенбек Бейдуллаұлы) және 3-ші әуесқой волейболшылардан жасақталған команда (команда капитаны Әшімов Жақсылық Рзахметұлы) қатысты.


Жарысқа арнайы шақырылған «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысы Шардара аудандық комитеттің төрайымы Бахытгүл Құрмантайқызы Биманова жарысты ұйымдастырушыларға құрметтеріне Алғысын білдіріп, «Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, сәттілік, жеңіс тіледі.
Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат достық қарым – қатынасты нығайтып, жастарға үлгі көрсету, әрі кәсіподақ мүшелерін дене шынықтырып, спортқа баулу болды.
Жарыс тартысты басталып, өте жоғары деңгейде өтті. Жарыс бар жерде жеңіс бар, жеңіліс бар. Төрешілердің сараптамасы бойынша:
I-ші орын- Ербол Сакиевтың командасы,
II-ші орын- Жиенбек Талиповтың командасы,
III-ші орын- Жақсылық Әшімовтың командасы ұтып алды.
Бірқатар үздік ойыншылар жеке номинациялармен марапатталды.
«Үздік қорғаушы» номинациясымен Жақсылық Әшімов,
«Үздік шабуылшы» номинациясымен Сакен Сағынбай марапатталды.

Бізде өз тарапымыздан Чемпиондарға жеңісті күндері көп болып, тек жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдіреміз.
Мереке құтты болсын!