Цифрландыру саласының қызметкерлері марапатталды

Цифрландыру саласының қызметкерлері марапатталды

10.10.2023 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының цифрландыру басқармасына арнайы барып, басқармадағы ұжым мүшелерін «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: басқарманың бөлім басшысы Әби Шынболат Бекділдаұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, басқарманың бас маманы Дербісбаева Динара Берікқызы «Құрмет грамотасымен» және басқарманың архивариусы Елеусіз Асхат Әбубәкірұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Кемелов Мұхит Абуталипұлы ұжым мүшелерін мерекелерімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының атына алғысын білдірді.