Туризм саласының қызметкерлеріне марапаттар табысталды
10.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасына арнайы барып, басқармадағы ұжым мүшелерін «10 қазан – Кәсіптік одақтар күні» және «25 қазан – Республика күні» мерекелерімен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: басқарманың туризмді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымбетов Азамат Алматұлы «Еңбек озаты» төс белгісімен, басқарманың туристік өнімді қалыптастыру және маркетинг бөлімінің бас маманы Джабағиева Аида Усадуллақызы «Құрмет грамотасымен» және басқарманың статисті Құрманбекова Алина Асқарқызы «Алғыс хатпен» марапатталды.




