Жер ресурстарын басқару департаментінен кәсіподақ ашылды
28.09.2023Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Мекемеде жұмыс жасайтын 23 адамның жеке өтініштері негізінде толығымен немесе 100 пайыз кәсіподақ мүшелігіне қабылданып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарды.
Жалпы жиналыста бірауыздан мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Абдразахов Нурлан Ажимуханович сайланды.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, мекеменің жұмыс берушісі атынан департамент басшысы Мухаддас Акылбек Мухаддасович және жұмыскерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нурлан Ажимуханович Абдразаховтың арасында өзара қарым – қатынастар жөніндегі 2023-2028 жылдарға арналған келісім-шартқа, сондай-ақ мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2028 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізуге жіберді.




