«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында еңбек адамдары ұлықталды
24.09.2023«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтардың бірлесе ұйымдастыруымен Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Еңбек адамын ұлықтау» іс-шарасы өтті.
Іс-шарада «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов салтанатты жиынға қатысқан кәсіподақ мүшелерін «Еңбек күні» мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары: Әсембекова Раушан Әсілбекқызы – Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» байқауының жеңімпазы және Жалмурзаева Айнур Келгенбекқызы – Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2022» байқауының жеңімпазы марапатталды.



