Бірге біз- күшпіз!

Бірге біз- күшпіз!

24.09.2023 Off By Администрация сайта

Қазақстан Кәсіподақтары күнін мерекелеу қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесі Астана қаласы бойынша филиалмен бірлесіп 2023 жылғы 23 қыркүйекте елорда маңындағы «Бейбарыс» демалыс аймағында тимбилдинг өткізді.

Аталған тимбилдингті ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалған шығындарды «Қызмет» салалық кәсіподағы мен елордалық филиал толығымен өз мойнына алды.

Тимбилдингке кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен белсенділерін қосқанда 100-ден астам адам қатысты.

Салтанатты ашылу бөлімінде «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов құттықтау сөз сөйлеп: «Бүгін біздің іс – шараға орталық мемлекеттік органдардың, елорданың мемлекеттік органдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, бухгалтерлер мен қазынашылардың өкілдері қатарынан 100-ден астам кәсіподақ активі қатысып отыр. Біз түрлі ойындар мен тапсырмалардан өту арқылы ұйымшылдыққа бағытталған белсенді корпоративтік демалысты өткізу мақсатында тимбилдинг өткізуді таңдадық», -деді.

Тимбилдинг өткізу барысында 8 команда құрылды, олардың әрқайсысы жарыс процесі барысында түрлі сынақтар мен конкурстардан өтті.

Марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздар қатарынан 3 командаға жүлделі орын алғандары үшін дипломдар табысталды.

Сондай-ақ кәсіподақтың жекелеген мүшелерін кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі үшін және Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнін мерекелеуге байланысты марапаттарға ие болды.

Әрі қарай іс-шараның 2-ші бөлімінде мерекелік түскі ас барысында музыкалық баттл өткізілді. Қатысушыларға ән, би, гитара және басқа да мәнерлі қойылымдармен өнер көрсетуге мүмкіндік берілді.

Қатысушылардың әрқайсысына «Қызмет» кәсіподағынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мереке іс-шара кәсіподақ белсенділерін біріктіріп, команданың әрбір қатысушысының жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін ашып көрсетті.

Кәсіподақ белсенділері өз кезегінде «Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық кеңесіне және «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалына алғыстарын білдіріп, жағымды әсерлер мен тамаша көңіл-күй алғанын атап өтті.