“Қызмет” Салалық кәсіподағына +1 ұйым!
15.09.2023Алматы қаласы бойынша Салалық кәсіподақ филиалы өзінің қатарына жаңа ұйымды қосты. Еліміздегі жетекші партия “AMANAT” партиясының Алматы қалалық филиалында бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу жөнінде келісімге “AMANAT” партиясының Алматы қалалық филиал төрағасы Канкуров С.В. пен Салалық кәсіподақтың Алматы қалалық филиал төрайымы Айнақұлова Д.М. қол қойды, бастауыш кәсіподақ төрағасына Бауыржан Нармагамбетов сайланды.

Алдағы жоспарларда кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік жағынан қолдауға, ұжымдық бірлескен шаралар, қызметкерлердің отбасына, балаларына арналған тұжырымды істерді өткізу жоспарланды.


