Елеулі еңбегі ескеріліп, шипажайға тегін жолдама берілді

Елеулі еңбегі ескеріліп, шипажайға тегін жолдама берілді

30.06.2023 Off By Администрация сайта

«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ комитетінің 2023 жылғы 15 маусымдағы ұсыныс хаты мен хаттамасына сәйкес, салықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақытылығын қамтамасыз етіп, салық төлеушілердің салық есептілігін камералды бақылау және салық есептіліктерін мерзімінде табыс етілуін бақылау бойынша жұмыстарын тиісті деңгейде атқарғаны, бөлім қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысымен оң нәтижелі көрсеткіштерге ие болуына өз үлесін қосып, лауазымдық міндеттерін мінсіз атқарғандығы үшін, 33 жылдан асқан еңбегі, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі 32 жылдан астам еткен еңбегін және кәсіподақ қозғалысын дамыту жолындағы белсенді жұмыстарын ескере отырып, басқарманың камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы Гүлжан Нұрсейітқызы Әтеноваға кәсіподақ комитеті тарапынан «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама беру арқылы марапаттау ұйымдастыру сұралған болатын.
Аталған мәселе «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің 2023 жылғы 16 маусымдағы отырысында қаралып, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы Гүлжан Нұрсейітқызы Әтеноваға «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы арқылы 30% жеңілдік және Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ комитеті арқылы 70% жеңілдік беру негізінде «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдамамен марапаттау туралы қаулы қабылданды.
Нәтижесінде, Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінде өткізілген, «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні» салтанатты іс-шарасында басқарманың басшысы Бағдаулет Әшенов басқарманың камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы Гүлжан Нұрсейітқызы Әтеноваға «Сарыағаш» шипажайына берілген тегін жолдаманы табыстады.
Үздікке жетелейтін үлгілі істер жалғасын таба берсін!