Шахматтан жарыс өтті
29.06.2023Түркістан облысына 5 жыл. 2018 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы -«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес Түркістан облысы болып қайта құрылып, облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл әлемнің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына көшірілді. Атаулы мерекеге орай «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облысы Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруыен Ордабасы ауданы мемлекеттік қызметшілер арасында «Зияткерлік – кемел келешек кепілі» атты шахматтан ауданының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа арнайы шақырылған «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысытық филиалының басшысы Күлдар Есебаева ашып, шын жүректен құттықтап, сәттілік, жеңіс тіледі.Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат, мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтыру мен спортқа баулу арқылы олардың жұмысқа деген қабілетін көтеру, мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым – қатынасты орнықтырып, байланысты нығайту, жастарға үлгі көрсету және үлгілі болу. Жарыс алғашқы сәттен – ақ тартысты басталып, өте жоғары деңгейде тартысты әрі әділ өтті. Жарыс бар жерде жеңіс бар, жеңіліс бар. Жеңіске жеткен командалар және барлық жарысқа қатысушылар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалы мен Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жарыс төрешілерінің сараптамасы бойынша жеңіске жеткендер:1 –орынды Аман Ғабит – Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкімі орынбасары, 2 – орынды Мешітбаева Ұлбосын Жұбанқызы – аудандық жастар ресурстары орталығының бас маманы иеленсе,3-орынды Әсембай Ерлан Бөрібайұлы – Бөген ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы иеленді. Бірқатар үздік ойыншылар Тулешов Мақсат Дәлетбекұлы, Жылқыбай Құрманәлі, Мырзалиев Ғазиз, Баймаханова Әсел «Үздік техника шеберлігі» үшін номинацияларымен марапатталды.Жарысты белсенді ұйымдастырғаны үшін Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің қоғамдық негіздегі төрағасы Сәттібек Сүйіндікке, барлық қатысушыларға және жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан барлық бастауыш ұйымдарының белсенді қыз – жігіттеріне алғысымызды айтамыз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!





