1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2023 Off By Администрация сайта

Бұл күнді 1949 жылдан бері көптеген әлемнің мемлекеттері атап өтеді.
Болашақ ұрпағымыз әрқашан бейбіт заманда өмір сүруіне, елін, жерін сүйетін азаматтар болып өсуіне тілектеспіз.
Осы күнге орай “Қызмет” салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалы ерекше балаларға арнап, көңілді іс шара ұйымдастырды.
“Парасат” әлеуметтік қызмет орталығында қызмет алушы 60 балаға арнап, тәтті дастархан жайылып, көңілді ойындар мен ән айтылып, би биленді.
Осы шараға “Қызмет”кәсіподағы Алматы қалалық филиал шақыруымен, демеушілер, колледж оқушылары, әртістер тартылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да, бағып жүрген ата анаға да, осы күн жүздеріне қуаныш, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Баланың күлкісі мен қуанышына ештеңе жетпейді. Жолдары ашық болып, ойлаған армандарына жетсін!!