Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті

Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті

18.05.2023 Off By Администрация сайта

2023 жылдың 17 мамыр күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Атқару Комитетінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы қатысты.
Кеңейтілген отырысты «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде: Шымкент қалалық комитетінің атқарған жұмыстарының қорытынды есебі, кәсіподақ жарнасының түсуі және оның жұмсалуы бойынша тексеру комиссиясының есебі, 2023 жылға бекітілген іс-шара жоспарларының, кәсіподақтың жоғарғы органдарының тапсырмаларының орындалуы талқыланып, алда өткізілетін іс-шаралар пысықталып, жылдық жұмыс жоспарына толықтырулар енгізіләп, бекітілді.
Сондай-ақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» деп танылды.
Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша белсенді кәсіподақ мүшелерінің 14 адамына наградалар мен 30 адамына сыйлықтар табысталды.
Жиын соңында кәсіподақ төрағалары алғыстарын айтып, кәсіподақ қозғалысын әрі қарай дамытуға және «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында белсенді жұмыстар жасауға сенім білдірді.