8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!

07.03.2023 Off By Администрация сайта

«Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін» нәзік жанды арулар “Қызмет” Салалық кәсіподағының әр саласында еңбек етіп келеді.
Олардың әр салада атқарып жүрген еңбектерін айтар болсақ, ерлікке парапар істер жасап жүрген замандастарымыз қаншама?!
Өз ісіне кіріссе жан-тәнімен атқарып шығатын, көп бөлігін нәзік жандыларымыз құрайтын салалардың бірі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы саласындағы қыз-келіншектеріміз. Осы салалардағы қызметкерлердің алдына күніне неше түрлі жандар келеді. Үлкен сабырлық пен қайсарлықты талап етеді.

Өз жұмыстарында өзінен үміт күтіп келетін әр жанға қол ұшын беріп көмектесіп, өмірлеріне сәл де болса демеу болса міне олардың қызметіндегі жетістігі!
Осындай үлкен жүректі аруларымыз бар ортаны үнемі қолдап отыратын және де қолдай беретін ұйым ол – «Қызмет” Салалық  кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиалы.  Үрдістен жаңылмай « 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күніне» орай «Қызмет» Салалық кәсіподағының Алматы қаласы бойынша филиал төрайымы Айнақұлова Данагүл Мухамедкерімқызының бастамасымен Бастауыш кәсіподақ ұйым қызметкерлеріне арнап айтулы күнге орай іс-шаралар өткізіліп, әр қызметкердің еңбегі бағаланып алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.
Нәзікте болса да рухы мықты, қайсар аналарымыз барда үміт шырағы сөнбек емес! Жасай бер, АНА!