Нәзік жандылар марапатталды

Нәзік жандылар марапатталды

07.03.2023 Off By Администрация сайта

Бүгін Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұжымының нәзік жандыларын Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықталды. Әйел бақыты – отбасы. Отбасымен еңбекті, қоғамдық қызметті қатар алып жүрген аяулы аналарымызға ізгі тілектер айтылды. Мекеме басшысы Н. Кубенова ұжымдағы ең жас қызметкер, әрдайым алда жүріп, жан-жақты өнерімен көзге түсіп жүрген Ш. Жекебайды алғыс хатпен марапаттады. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапеновтың атынан А.Жупбаева ұжымда көп жылдар қызмет істеп, еңбегіне адалдық танытқан Б. Қабыкеноваға «Мемлекеттік қызметкерлер салалық кәсіптік одағы» ҚБ Құрмет грамотасын, Ж. Касымоваға мен Х.Хайлямоваға Алғыс хаттар табыстады. Шара соңында аяулы аналарымыз өз жүрекжарды лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.