Атқару комитетінің отырысы өтті
23.02.20232023 жылдың 23 ақпанында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының атқару комитетінің отырысы өтті.
Атқару кеңесінің отырысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалының 2022 жылы атқарылған жұмыстардың есебін облыстық филиал төрайымы Сәуле Тұрсынбаева баяндады, алда атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Шипажайдың жолдама құны өсуіне байланысты кәсіподақ мүшелеріне берілетін өтемақы мөлшері де көбейтіліп, бекітілді. Сонымен қатар атқару комитетінің мүшелерінің бірауыздан шешімімен облыстық кәсіподақ заңгері Кеңес Махамбетов облыстық филиал төрағасының орынбасары болып сайланды. Атқару комитетінің құрамы толықтырылды.
2023 жылды ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай өткізілетін іс-шаралар жоспары таныстырылды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары кәсіподақ жұмысына жастарды тарту, спорттық іс-шараларды кеңінен ұйымдастыру бағытында өз ұсыныс – пікірлерін айтты.

