Бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-қайта сайлау жиыны өтті

Бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру-қайта сайлау жиыны өтті

22.02.2023 Off By Администрация сайта

22 ақпан күні №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының  есеп беру – қайта сайлау жиналысы  өткізілді.  Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Болат Мұсаев  2022 жылы  атқарылған жұмыстарын баяндап, қаржылық есептерін берді. Жиналысқа қатысқан облыстық филиал төрайымы Сәуле Тұрсынбаева «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалында 2022 жыл көлемінде атқарылған жұмыстармен,  яғни құқықтық көмектер, оқулар, өткізілген іс-шаралар, кәсіподақ мүшелері мен оның балаларының денсаулығын сауықтыру шараларына тоқталып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт  –  ұжымдық шарт туралы,  көптеген жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктерді енгізу туралы ұсыныстарды айтты. Кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берілді.

Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып мекеме заңгері Айнұр Алимбетова сайланды. Сонымен қатар кәсіподақ комитетінің құрамы, тексеру комиссиясының мүшелері қайта сайланды.

2022 жылы ҚР Кәсіподақтар Федерециясының  «Халық бюджеті» байқауына Болат Мұсаев «Таза ауыз сумен қамту» жобасымен қатысып, салалық кәсіподақтың ынталандыру сыйлығына ие болып, дипломмен және 100000 тг қаржылай сыйлықпен марапатталған болатын.