«Қызмет» салалық кәсіподағына сенім артып келеді

«Қызмет» салалық кәсіподағына сенім артып келеді

15.02.2023 Off By Администрация сайта

Ақтөбе облыстық филиалы еңбек ұжымдарында кәсіподақ қозғалысы мен кәсіподақ тартылымдылығы бойынша жүйелі жұмыс нәтижесінде бірнеше жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен толықтырылды. Атап айтқанда “Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі” ММ, “Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі”, “Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі”ММ-сі ұжымдарында жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдары ашылды. Аталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының және жаңа сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен филиал төрайымы М.Сағындықова кездесіп, бірқатар мағлұматтар мен ұйымдастырушылық жағынан кеңестер, ақпараттық бюллетеньдер және ішкі құжаттар тапсырып ұжымның көрсеткен сенімдерінен шығатынына сенім білдірді. Сонымен қатар облыстық филиал жағынан қай уақытта да қолдау көрсетілетін жеткізді.