Қоғамның ізгілігі бір-бірімізге деген құрмет, сыйластықпен айқындалады

Қоғамның ізгілігі бір-бірімізге деген құрмет, сыйластықпен айқындалады

05.12.2022 Off By Администрация сайта

Кішіге-құрмет, үлкенге-ізет, жылағанды жұбату,  мүмкіндігі шектеулі жанға мүмікіндік беріп үміт сыйлау,біздің адами болмысымыздың айғағы болса керекті. 1992 жылдан бері 3 желтоқсан -Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «Халықаралық мүгедектер күніі” болып бекітілген. Осы күнге орай «Аяла» әлеуметтік қорғау орталығы КММ мекемесінде арнайы іс-шара өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қуанту, іс-шараларды жүргізу арқылы қоғамды осындай жандармен қарым-қатынас құруға бейімдеу, бұл жандардың жанын түсініп, қоғамымыз бей-жай қарамаса екен. Қызмет алушы балаларға ән, күймен шашу шашқан мерейлі шараға «Қызмет» салалық кәсіподақтың Алматы қаласы бойынша филиалының төрайымы Айнақұлова.Д.М бастатқан кәсіподақ мүшелері қатысып өз ілебіздерін білдірді.

Жалпы айтқанда бұл мереке тек мүмкіндігі шектеулі жандардың ғана емес, сол адамға қарап отырған қызметкерлердің де мерекесі екені даусыз. Күні-түні, жылдарды жылға жалғап мүгедек адамға қарау өте өжеттілікті, қайсарлықты талап ететін іс. Сондықтан да заман талабынан, өмір ағысынан қалмай қайсарлықпен қызмет атқарып жүрген қызметкерлерімізге де алғысымыз шексіз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Балалар жылы аясында өткен шара барлық балалардың да, ата аналардың да ойынан шықты.