Сырдария  ауданының  кәсіподақ  белсенділері марапатталды

Сырдария ауданының кәсіподақ белсенділері марапатталды

05.12.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылдың 2 желтоқсан күні Сырдария ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында әлеуметтік әріптестердің қатысуымен кәсіподақ белсенділерінің кездесуі өтті. Кездесуге Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, аудандық бөлімдер мен  ауылдық округі әкімі аппараттарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ мүшелері және «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Кенес Махамбетовтың қатысуымен өтті. Барлығы  41  адам қатысты.

Облыстық  филиал төрайымы С.Тұрсынбаева қатысушыларға «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалында 2021-2022 жылдары   атқарылған жұмыстармен таныстырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің «Қызмет» салалық кәсіподағы арасындағы  2022- 2024 жылдарға арналған еңбек қатынастарын реттеудің жалпы қағидаларын  айқындайтын, қосымша әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін белгілейтін салалық келісім туралы айтып өтті. Салалық келісімде көрсетілген жеңілдіктерді, мысалға еңбек шартында келісілген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты немесе өзінің негізгі жұмысынан босатылмай уақытша болмаған қызметкердің міндетін орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төлеуді жүргізу, ұйымның бюджетіне байланысты  қызметкерлерге ынталандыру мақсатында біржолғы ақшалай сыйақы,  кәсіби мерекелерде, мерейтойлық күндерде біржолғы көтермелеу жүргізу т.б. ұжымдық шартқа енгізуді ұсына отырып, ұжымдық шарттың сапасына аса мән беріп, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер көзделген ұтымды ұжымдық шарттар жасалу қажеттілігін айтты.

Кездесуде облыстық кәсіподақтың  «Еңбек озаты» медалімен Іңкардария ауылдық клубының меңгерушісі Зағира Ахметова марапатталса, «Қызмет» салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен Амангелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Исабай  Жүсіпов, алғыс хатымен Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскері Бидаш Балғабаева, «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен  Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Ербол Ахетов, Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратының  әдіскері Серікбол Шайзадаев, Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасымен Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының  есепшісі Аймереке Абишаева, Бесарық ауылдық округі әкімі аппаратының  жетекші маманы Ботагөз Сүлейменова марапатталды.