Салалық кәсіподақ қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

Салалық кәсіподақ қаржы жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

15.11.2022 Off By Администрация сайта

      Ұлттық валюта – теңге күнін мерекелеуге орай «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қаржы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміз 1993 жылы айналымға енгізілді. Қазақстан Республикасының қаржыгерлері теңгенің нығаюына күн сайын атсалысуда. Еліміздің қаржыгерлері – өз ісінің кәсіби мамандары, мемлекет қаржысын арттыратын жауапты тұлғалар. Құрметті әріптестер, сіздерге және сіздердің әріптестеріңізге зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін», – деп атап өтті өз құттықтауында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы.

     Кәсіби мерекеде кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқаны, жоғары кәсібилігі және Қазақстанның ұлттық валюта күніне байланысты «Қызмет» салалық кәсіподағының наградаларын, атап айтқанда 16 адамға «Кәсіподақ қайраткері» медалі, 32 кәсіподақ мүшесіне «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісі табысталды.  Сонымен қатар, салалық кәсіподақ төрағасы М. Жақыповтың атынан 8 адам грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.