Әділетті Қазақстан құруға,  мемлекеттің беделін арттыруға ортақ күш-жігермен Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлымен  бірге қол жеткізейік!

Әділетті Қазақстан құруға, мемлекеттің беделін арттыруға ортақ күш-жігермен Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге қол жеткізейік!

28.10.2022 Off By Администрация сайта

Бүгін, 2022 жылдың 28 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабының мүшелері Ұлытау облысына келіп, сайлаушылармен кездесті.
Еске сала кетейік, еліміз бойынша 52 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылады. РҚШ 17 күннің ішінде аймақтардың бәрін аралап, халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтып 500-ге тарта кездесу өткізеді.

Ұлытаудың орталығы Жезқазған қаласындағы кездесуге 500-ге жуық адам қатысты.
Ұлытаулықтармен әңгімелесу кезінде Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңірлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

✔️Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов Ұлытау топырағы ұлт бірлігін бейнелейтін қасиетті мекен екенін атап өтті.

🔵«Ұлтымызды ұйыстырған Ұлытау жері – елдіктің, бірліктің бастауы. Біз алдымыздағы сайлауда соны тағы бір мәрте дәлелдеуге тиіспіз. Біздің бір тудың астына жиналып, коалиция құруымыз да осының айғағы. Бірлігіміз кез-келген сынақты еңсереді. Алдағы сайлауда да өз бірлігімізді көрсетуіміз керек», – деді Ерлан Қошанов.
Ұлытау облысының тұрғындарының атынан мінбеге шығып, сөз сөйлеу құрметі Ұлытау облысының ардагерлер қоғамының төрағасы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Сағындық Қожамсейітов ақсақалға және қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, “Қызмет” кәсіподағының төрайымы Раушан Кожабаеваға берілді.

📌Бұдан кейін, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «ULYTAU NAN» ЖШС нан зауытында болып, кәсіпорын қызметкерлеріне кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіподақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамаларын түсіндірді.

Өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Kazakhmys Smelting» ЖШС мыс балқыту зауыты саналады. РҚШ мүшелері металлургтермен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өндірістегі еңбек құқықтарын қорғау және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту мәселелерін талқылады.
Біздің ауызбірлігіміз – ол тығыз ынтымақтастықтың нығайту тұғырында тұр. Ынтымақ болмай іс оңбас. Соны ұмытпайық, бауырлар!
Әлемдік әріптестік аренасында зор құрмет пен беделге ие Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдайық!toqaev2022.kz