Жан шуағын бөліскен жандар мерекесі!
28.10.2022Әлеуметтік сала қызметкерлері – азаматтардың тұрмыс жағдайы мен жеке адамдардың ахуалын жақсарту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тікелей қатысы бар тұлғалар.
Зейнетақы мен жәрдем ақы төлеу, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға жәрдем беруді ұйымдастыру, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын беру, жұмыссыз қалған топтарға жағдай жасау сияқты жауапты міндеттер осы саланың қызметкерлеріне жүктеледі.
Әлеуметтік сала қызметкерлері күні мерекесінің алғашқы құттықтау сөзі Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Мұратұлы Құсманғалиға берілді.
Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен 7 әлеуметтік қызметкер марапатталды.
Ұлытау облыстық “Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының басшысы Ақылбекова Зина Жұманазарқызына басқарма атынан бес әлеуметтік қызметкерді марапаттады.
Жалпы елдің, оның аймақтарында тұратын халықтың әлеуметтік жағдайының жақсы болуы – мемлекеттік мәні зор маңызды мәселе. Ал осы саланың талапқа сай болуына, сала жұмысының үйлесімді болуына атсалысып жүрген қызметкерлердің еңбегі мәртебелі марапаттарға әбден лайық.
Әлеуметтік саласы бойынша қызметтердің қалыптасуы мен дамуына зор еңбек сіңірген бір топ жерлесімізге “Қызмет” Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Хабиұлының құттықтауын аймақтық кәсіподақтың төрайымы Раушан Кожабаева жеткізді.
“Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ
«КӘСІПОДАҚ ҚАЙРАТКЕРІ» медалімен:
Болманова Жанат Нуртаевна – Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы. Жезқазған қаласының әкімдігінің«Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы» КММ директордың орынбасары
«Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен:
Мусабекова Гульбану Сабыровна – Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы. Жезқазған қаласының әкімдігінің«Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды қайтадан әлеуметтендіру орталығы» КММ аспазшысы, Лозовая Татьяна Анатольевна – Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен Арыстанова Нуржамал Раимбековна – Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы.

«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік қызметкері, Салалық кәсіподақтың Алғыс хатымен: Борибаева Айгул Бакиевна – Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы.

«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік жөніндегі сектор меңгерушісі марапатталды.
Облыс бойынша алғашқы ұйымдастырылған мереке қызметкерлердің көңілінен шықты.
Саланың қалыптасып, дамып, ырғақты жұмыс істеу жолында ардагерлеріміздің еңбегі ұшан-теңіз. Біз олардың есімдері мен еңбектерін зор құрметпен атаймыз. Мерекелік жиынға 34 ардагерлеріміз құрметті қонақ болды. Біз әділдік салтанат құрған, саяси өзгерістері мол, экономикалық-әлеуметтік түйткілді мәселелер шешімін тапқан жарқын қоғамға аяқ бастық.
Ол – Жаңа Қазақстан! Ол – Әділетті Қазақстан! Әлеуметтік сала қызметкерлері сол жаңа дәуірдің жасампаз ерлері болатынына біз сенеміз.


