«Қызмет» салалық кәсіподағы өкілдерінің еңбегі еленді
27.10.2022Кәсіподақтар федерациясында Республика күніне орай еліміздің бірқатар салалық кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділерін жоғары мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев кәсіподақтың барлық мүшелеріне жұмысшылардың мүддесі мен құқығын қорғаудағы және ортақ іске берілгендігі үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде «қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов әріптестерін мемлекеттік наградаларды алуымен құттықтап, әрбір еңбекті абыроймен бағалау керектігін, кәсіподақ қызметкерлері мен қарапайым қызметкерлердің еңбегін әділ бағалау қоғамдағы кәсіподақтың мәртебесі мен беделін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Жоғары мемлекеттік наградалармен кәсіподақ саласындағы көп жылғы еңбегі үшін түрлі сала қызметкерлері марапатталды.


Солардың қатарында ҚР мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалі «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова мен Қостанай Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қоймашысы Күмісбике Нұрғалиеваға табысталды.

