«Қызмет» салалық кәсіподағы Астана қалалық филиалы Атқару комитетінің отырысын өткізді
22.10.2022Бүгін, 22 қазанда Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс аясында келесі мәселелер талқыланды:
– «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалын қайта тіркеу туралы;
– Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалы атқару комитетінің 2022 жылғы кеңейтілген есептік отырысын өткізу туралы;
– Ұйымдастыру мәселелері.
Бірінші мәселе бойынша «Қызмет» елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов Нұр-сұлтан қаласын Астанаға қайта атау туралы қаулы шығарған Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес елордалық филиалды қайта тіркеу қажет екенін атап өтті.

Екінші мәселе бойынша атқару комитетінің мүшелері ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1-ші онкүндігінде Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалы атқару комитетінің 2022 жылдың ағымдағы кезеңіне арналған жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысын өткізу туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Үшінші мәселе бойынша 2022 жылғы маусым-қазан айларында Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағының филиалы өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға арналған шығыстар сметасын бекіту мәселесі қаралды.

Осы мәселе бойынша атқару комитетінің мүшелеріне елордалық филиал төрағасының орынбасары Әлима Бекназарова ақпарат жеткізді.
Ағымдағы кезеңде филиал кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізді.
Осылайша, маусымнан қазан айына дейін филиал балаларды қорғау күніне орай акциялар өткізді, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 57 отбасы азық-түлік сертификаттары түрінде материалдық көмек алды, сонымен қатар «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 22 бірінші сынып оқушыларына материалдық көмек көрсетілді.
Медицина қызметкерлері күнін, мемлекеттік қызметшілер күнін, дипломатиялық қызметкерлер күнін және кәсіподақтар күнін мерекелеу құрметіне бастауыш кәсіподақ ұйымдарына бару өткізілді.
Сондай-ақ Әлима Бекназарова әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған іс-шараларға арналған шығыстарды айтты.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалы 36 марапатталушыға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар дайындады. Бұдан басқа, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орайластырылған спартакиада жеңімпаздарына салауатты өмір салтын одан әрі ынталандыру және насихаттау мақсатында дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі.

Спартакиада Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында өткізілді.
Үшінші мәселе бойынша атқару комитетінің мүшелері 2022 жылдың ағымдағы кезеңінде Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағының филиалы өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға арналған шығыстар сметасын бірауыздан бекітті.


Отырыстың қорытынды бөлімінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін мерекелеу қарсаңында Атақозы Нұрлановқа Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаевтың атынан Әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі бірлескен қызметті және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде қатысуын бағалайтын алғыс хат табыс етілді.

