Мектепке жол

Мектепке жол

02.09.2022 Off By Администрация сайта

Қызмет салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалына қарасты кәсіподақ мүшелерінің әлеумтеттік жағдайлары үнемі облыстық филиал назарында. Әсіресе көп балалы , басты аналарды қамқорлығына алған. Аталған санаттағы жандар үшін жылда дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына атсалысу арқылы әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету , әлеуметтік осал топтың отбасынан шыққан жеткіншектер себебсіз мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып келеді. Биыл да дәстурге сай 17 оқушыға сертификат дайындалып балалардың өздеріне керекті оқу құралдарын алуға мумкіндік берілді. Риза болған көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Мұндай акциялар облыстық филиалға қарасты қалалық, аудандық бастауыш ұйымдарында да жалғасуда. Сонымен қатар қәзіргі таңда көптеген бастауыш ұйымдарда ұжымдық шарттар арқылы қыркуйек білім күніне орай мектеп жасында балалары бар ата аналар үшін күн ақылы демалыс қарастырылған.