Жаңа оқу жылы басталды!

Жаңа оқу жылы басталды!

02.09.2022 Off By Администрация сайта

Жаңа оқу жылы басталды. Барлық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттай алды ма? Білім аламыз деп үміттенген балаға жағдай жасадық па? Бұл мәселе үнемі “Қызмет” кәсіподағының назарында және бақылауында. Жезқазған аймағы бойынша барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясына биыл да белсене қатысып, кеше білім күнінде әр кәсіподақ мүшесінің ұл-қызына ақ тілектерін айтып, білім ордасына шығарып салды.
Биыл көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға көбірек болды. Олардың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуы басты назарда болды. Жалпы 50 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен спорттық форма таратылды. Тағы да қосымша ұрпақ тәрбиелеп отырған жалғыз басты 7 анаға қамқорлық пен ықылас көрсетіп, кәсіподақ тарапынан бала тәрбиесі үшін мотивация тұрғыда алғыс хат, құттықтау тапсырылып, балаларына мектеп сөмкелері таратылды. Барлығы 285000 тг көлемінде.
“ Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткен “Мектепке жол” акциясы бала таңдамайды, барлығының жүрегіне қуаныш сыйлайтын ізгі қызмет жасайтын шара.