«Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы бастауыш ұйымдарында кездесулер өткізуде

«Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы бастауыш ұйымдарында кездесулер өткізуде

22.07.2022 Off By Администрация сайта

Өңірлік деңгейдегі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында «ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының өкілдері(төрайымы-Татьяна Шатохина) облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Қарағанды қалалық филиалының атқарушы хатшысы Юлия Бадинамен бірге 4  ірі спорт нысаны мен тұрғылықты жері бойынша 39 балалар-жасөспірімдер клубы кіретін «ШАХТЁР» КМҚК еңбек ұжымының бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті.

Мүдделі диалог барысында еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіподақ мүшелерінің санын ұлғайту және әлеуметтік кепілдіктерді арттыру бойынша жүргізілетін кәсіподақ жұмысының басымдықтары түсіндірілді.

Кәсіподақ комитетінің жұмысы (төрайымы-Ирина Полякова) «ШАХТЁР» КМҚК басшысы Нұрлан Рыстинмен реттелген әлеуметтік серіктестікте жүргізіледі.

Кездесу барысында еңбек және кәсіподақ заңнамасы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктері бойынша сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Сондай-ақ, Қарағанды өңірінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне және денсаулықты сақтау үшін санитариялық нормаларды сақтау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін вакцинациялау және ревакцинациялау қажеттілігіне назар аударылды.