Еңбек жолына қадам басқан жас түлектердің жолы болсын!

Еңбек жолына қадам басқан жас түлектердің жолы болсын!

11.07.2022 Off By Администрация сайта

Биылғы жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін 8500 адам бітіріп, оның 354-і үздік дипломға ие болса, оның ішінде оқу көрсеткіші бойынша ең көп балл жинаған үздік диплом иегерінің бірі – Елемес Әсел Серікқызы болды.
Үздік диплом иегері Әсел Серікқызына дипломды университеттің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы салтанатты түрде табыстады.
Жас түлектің ата-анасы Әуесханов Серік Елемесұлы мен Әуесханова Нурипа Алтайқызы университет әкімшілігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Елемес Әселдің әкесі, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы өзінің құттықтау сөзінде: «Осыдан 35 жыл алдын Ташкент қаласында институтты бітіріп, сол кездегі ректор қолынан бірінші болып үздік диплом алғанын еске алып, сол сәт Әсел қызының үздік диплом алуымен қайталанғанын айтып, сондай-ақ осы университетті бұдан алдын бітірген үш қызы да үздік дипломмен аяқтап, үшеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жатқан қуанышымен бөлісіп, жас түлектерге еңбек жолындағы қадамдарына ақ жол тілеп, университет оқытушыларына алғысын білдірді».