Мекемедегі кәсіподақ мүшелерінің саны толықты

Мекемедегі кәсіподақ мүшелерінің саны толықты

24.06.2022 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімдігінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында мекеменің кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен танысты.
Қаратау аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жылы 15 ақпанда ашылып, жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының арасында жыл басында бес жылға арналған ұжымдық шарт жасалған және ол еңбек инспекциясында тіркелген.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов мемлекеттік қызметтегі және кәсіподақтағы белсенділіктері үшін аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Қайратов Азамат Қайратұлы және филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Жанабілов Ілияс Серікұлы, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Мырзаханов Нұрсұлтан Бахаубудінұлы марапатталды.
Жиын соңында кәсіподақ ұйымының төрайымы Бердібекова Гүлсина Рахымбайқызы ұжым мүшелерін мерекемен құттықтап, мекемедегі 68 қызметкерлер осы мерекенің қарсаңында 100% кәсіподақ мүшелігіне кіргенін баяндап, филиал төрағасына алғысын білдірді.