«ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ОКТЯБРЬ АУДАНЫНЫҢ ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІ» КММ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ.

«ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ОКТЯБРЬ АУДАНЫНЫҢ ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІ» КММ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ.

21.05.2019 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Амангелді ТАСПИХОВТЫ қолдау мақсатында «Қарағанды қаласы Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ еңбек ұжымымен кездесу өтті.


«Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Мылтықбай Ғазалиев өз сөзінде қатысушыларға кандидаттың еңбек және қоғамдық қызметі, Адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, олардың еңбегіне лайықты ақы төлеуге, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы қатынастарды нығайтуға бағытталған сайлау алдындағы бағдарламасы туралы айтып берді.
Кездесу соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Қарағанды қаласы Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ әлеуметтік қызметкері Мария Ульянич сайлау алды платформаны қол жетімді жариялағаны үшін алғысын білдірді, кандидаттың басым бағыты еңбекшілердің мәселелерін нақты түсіну және оларды шешу үшін не істеу керектігін атап өтті, өз тарапынан кездесуге қатысушылардың барлығына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан кандидат Амангелді ТАСПИХОВҚА дауыс беруге шақырды.