Петропавл қаласының  әлеуметтік көмек көрсету орталығының  еңбек ұжымымен кездесу

Петропавл қаласының әлеуметтік көмек көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесу

17.05.2019 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы  Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді тұлғалары үміткерді  қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.
17 мамыр күні кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілі Қазақстан Республикасы  Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың аймақтық қоғамдық штабы төрағасының орынбасары Әбілмәжінов Т.Т. Петропавл қаласының әлеуметтік көмек көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысқан қызметкер, кәсіподақ мүшелері кандидаттың өмірбаянымен, сонымен қатар А. Таспиховтың сайлауалды Тұғырнамасымен танысты. Тұғырнамада қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекке ақы төлеу мәселелері, сонымен қатар еңбек көші-қонының қозғалысы мәселелеріне аса назар аударылған. Кездесу соңында барлық қатысушыларға үгіт-насихат материалдары үлестірілді.
Т.Т. Әбілмәжінов кандидатты қолдау жөнінде Солтүстік Қазақстан облысына іс-шараларының желілік жоспары бекітілгендігі туралы, 13-14 мамырда өткен ауыл еңбекші жастарының қатысуымен «Жас келсе-іске» атты өңірлік форумының өткендігі жайлы және осы форумға кандидат А.С. Таспиховтың қатысқандығын атап кетті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенттің кезектен тыс сайлауына бір кісідей қатысуға шақырды.
ҚР Президенттігіне үміткердің бағдарламасын қолдау мақсатымен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенттерінен құрылған волонтерлар да қатысты.
Ұжым өз тарапынан елімізде өткізілгелі отырған жауапты іс-шараға белсенді түрде қатысатындықтарын баса айтты.