Павлодар қаласында мемлекеттік қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Парасаттылық және заңның үстемдігі – табысты ұлттың кепілі» атты дебаттық турнирі

Павлодар қаласында мемлекеттік қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Парасаттылық және заңның үстемдігі – табысты ұлттың кепілі» атты дебаттық турнирі

14.05.2019 Off By Администрация сайта

Ағымдағы жылғы 14 мамырда Инновациялық Еуразиялық унивеситетінің алаңында «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бірлесе отырып өңірлік деңгейде «Адалдық пен заңның үстемдігі – табысты ұлттың кепілі» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер мен ЖОО студенттері арасында дебаттық турнир өткізді
Турнирдің басты мақсаты – әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, сонымен қатар еліміздің алдында тұрған міндеттерді іске асыру жөнінде студенттерді хабардар ету және оларды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады.
Турнир барысында жоғарыда аталған тақырып екі тілдік лигада: қазақ және орыс тілдерінде талқыланды, әр лигада 4 командадан қатысты (2 команда мемлекеттік қызметшілер және студенттерден 2 команда).
Өңірлік дебаттар турнирінің жеңімпаздары кубоктармен және дипломдармен марапатталды сонымен қатар Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық ойындарға қатысады.