БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ!

БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ!

14.05.2019 Off By Администрация сайта

Бүгін Кәсіподақ жастарының белсенді өкілдері «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы» РҚБ ҚР президенттігіне үміткер А.Таспиховтың облыс бойынша өңірлік штабында кездесу өткізді.

Кездесуді ашқан «Келешек» жастар ісі бойынша кеңесінің төрайымы Альфия Жақсығалиева жастарды қарапайым отбасынан шыққан үміткер Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың мектеп қабырғасынан үздік оқушы болумен бірге еңбекке бейім болғаны, қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүргені, белсенділігінің арқасында қатарластарының ортасында ерекше қабілет-қарымымен ерекшеленгені туралы айтып өтті. А.Таспиховтың дарынды балаларға даңғыл жол ашатын білім ордаларының бірі -республикалық физика-математика мектебіне оқуға түсу оңай болмасына қарамастан, жүзден жүйрік шыққан талапты да талантты балалардың қатарында осы мектепке сынақтан сүрінбей өткендердің бірі болғаны және физика-математика мектебін жақсы бітіргеннен кейін Қазақ политехникалық институтының машина жасау факультетінде білімін одан әрі жалғастырғаны жайында келер ұрпаққа үлгі болар еңбек жолымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар сайлау алдындағы кампания барысында жоспарланған шаралар мен белсенді жастардың жоспар бойынша атқаратын міндеттері, қызметтері және осы жолдағы оларға артылған зор жауапкершілік пен сенім туралы түсіндірді. «Біріге көтерген жүк жеңіл» деген, өңірлік штабтың құрамындағы белсенді жастар өз тарапынан өздеріне артылған сенімді абыроймен атқарып, еліміздегі кәсіподақ қозғалысын қолдап, еңбек етуден талмай, жұмыс жасайтын шақта елмен бірге екендігіне сендірді.