Алматы қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған онкүндіктің қорытындысы туралы
02.05.20192019 жылдың 20 сәуір және 2 мамыр аралығында бірқатар бастауыш ұйымдарда кәсіподақ белсенділерімен кездесулер өтті. Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған салалық кәсіподақтың Алматы қалалық филиалының кәсіподақ белсенділерімен кездесу барысында филиал төрайымы Д. М. Айнақұлова Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу тарихына тоқталып өтті: «Ең алғаш 1989 жылы АҚШ пен Канадада жұмыс орнында зардап шеккендер мен қаза тапқандарды еске алу күні өткізілген болатын». Содан кейін 2003 жылы Халықаралық еңбек ұйымы алғаш рет бұл күнді белгілеп және жыл сайын сәуір айының 28-і күні бүкіл әлем бойынша Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні ретінде атап өтіліп келеді. Еңбекті қорғау күні ХЕҰ алдында тұрған басты мәселелерге арналып, сонымен қатар, әр түрлі ұрандар аясында өтеді.
2019 жылдың басты ұраны «Еңбекті қорғау және еңбек саласының болашағы». Бұл ұран бізге, яғни, жұмысы жеке компьютерлермен тікелей байланысты Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне қатысты. Жұмыс уақытының 80% – дан астамын кеңсе қызметкерлері компьютерлердің көмегімен жүргізеді. Әр түрлі экономикалық – әлеуметтік ұйымдардың болжамдары бойынша компьютерлік техника мен телекоммуникациялар әлемдік индустрияның ең дамыған салаларының бірі болып қала береді және бүгінде біздің алдымызда компьютерлермен жұмыс істейтін адамдар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды ұйымдастыруға қатысты мәселелер мен міндеттер тұр. Мүлдем зиянсыз компьютерлер болмайды. Көптеген елдердің ғалымдары компьютермен жұмыс істеу кезінде көру, қимыл, жүйке-психикалық жүйелері мен әйелдерде репродуктивті функцияларының жұмыс жасауының бұзылу қаупі өте жоғары екенін анықтады. Сондықтан өткізілген кездесулердің мақсаты- компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ, жоғарыда аталған аурулардың алдын алу. Қазіргі қоғамда денсаулыққа зиян келуінің нағыз себепкерлері гиподинамия (төмен белсенділік) және гипокинезия (қозғалыс көлемінің азаюы) болып табылады. Ал адам белсенді қызмет барысында атқаратын компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі баяу, бірқалыпты қозғалыстардың салдары шаршау, жүйке жүйесінің әлсіреуі, бас ауруы және стресс тудырады.
Салалық кәсіподақ филиалының тапсырысымен қазақ және орыс тілдерінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған буклеттер дайындалды. Сондай-ақ, құрал-буклетте: көзге арналған жаттығулар кешені мен иық және қолдың, дененің және аяқтың шаршауынан арылтатын жаттығулар көрсетілген.
Осы жылы қалалық филиал Тұран университетінің Психология кафедрасының қолдауымен Республикалық жедел құтқару жасағының бастауыш ұйымы, Халықты жұмыспен қамту орталығы және Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұжымы арасында жұмыста кәсіби психологиялық мәдениет мәселелеріне арналған сауалнама жүргізді. Сауалнама жасырын түрде өтті. Мәліметтер жинау үшін психологтар екі бөлімнен тұратын бірқатар сұрақтар дайындады. Алынған сауалнаманың басты міндеті кәсіби өмірдегі әртүрлі аспектілер бойынша ұйым шеңберіне қатысты қанағаттану, өзіндік нәтиже көрсету, күйзеліске төтеп беру денгейлерін анықтау және оның кедергілерінің алдын алу. Алынған нәтижелер еңбек ұжымының психологиялық денсаулығының көрінісін жасауға көмектеседі.
Онкүндік аясында Қазақстан мұрағатшылары арасында волейболдан турнир өтті. Оған 4 құрама қатысты: «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік мұрағаты» РММ, Алматы қалалық мұрағаты, сондай-ақ ҚазҰУ университеті, Тарих және мұрағат ісі факультеті студенттерінің құрамасы. «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы турнирге қолдау көрсетті. Кәсіподақ міндеттерінің бірі кәсіпорындар мен мекемелерде мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру жұмыстарын дамыту болып табылады. Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға шақырумен қатар, кәсіподақ мүшелерін спортпен айналысуға тарту және мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының басты идеясын алға ілгерілету болып табылады. Осы іс-шарада салалық кәсіподақ филиалының бірыңғай имидждік саясаты аясында қатысушыларға олардың қызметі мен қоғам өміріндегі рөлі туралы түсіндірді.
Кәсіподақ филиалы мекеме басшыларымен бірге еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмыста қауіпсіздік талаптарын сақтауға ықпал етеді. Еңбекті қорғау мәдениеті – бұл үкіметтің, жұмыс берушілер және қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін айқындай отырып, денсаулығы үшін қауіпсіз, сондай- ақ, зиянсыз өндірістік ортаны қамтамасыз етуге белсенді қатысатын және ең жоғары басымдық алдын алу талаптарына берілетін барлық деңгейдегі қауіпсіз, салауатты еңбек жағдайларына деген құқықты құрметтеу. Аурудың алдын алу, емдеу немесе оңалту кезеңіне қарағанда, әлдеқайда тиімді және аз шығынды. Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары еңбек өмірінің сапасын қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі.