Жеңіс Күнімен!

Жеңіс Күнімен!

08.05.2019 Off By Администрация сайта

Патриоттық және азаматтық тәрбиені қалыптастыру үшін, ел тарихындағы өзіндік ойып тұрар орны бар кезең, Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтау қажет. Қазақстан және ТМД елдерінің ең маңызды мерекелерінің бірі- Жеңіс күні. Қазақстан тарихында Ұлы Отан соғысы  батырлық пен адами рух күшінің символы болып табылады!

Ұлы Отан соғысының ардагері Тұребеков Тілеуғабилді Салалық кәсіподақтың Жамбыл облыстық филиалы құттықтауы. 2019 жылы 17 сәуірде 94 жасқа толды.

2019 жылдың 9 мамыр күні кәсіподақ белсенділері «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіп одағы» АҚФ төрайымы Д. М. Айнақұловамен бірге ардагерлерге құрмет көрсетіп, Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.