Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрайымының мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуі
24.04.20192019 жылғы 24 Сәуірде «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С. Т. Самарханова «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ШҚОФ төрағасы Т. Т. Түсіпбековпен бірлесіп Көкпекті ауданының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласындағы мемлекеттік органдардың басшыларымен, дербес бөлімдердің өкілдерімен және алғашқы кәсіподақ ұйымдарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов қатысты.
Кездесу мақсаты-ҚР Кәсіподақтар федерациясының және салалық кәсіподақтардың қызметі туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның Үкіметтің қарауына еліміздің әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы, ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Б. Әбдірайымның ұсынымы туралы ақпарат берді.
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) қабылдаған конвенцияларды ратификациялау қажеттігі туралы базалық лауазымдық жалақыны ең төменгі жалақыға ауыстыру арқылы еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі бірыңғай стандартқа кезең-кезеңімен көшу мүмкіндіктері. Қызметкерлердің еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің жалақы деңгейін 10% арттыру жөніндегі 3 жақты облыстық Келісімге толықтыру туралы. Сондай-ақ кездесу аясында еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы мәселелер, Ел Президентін сайлауға қатысу қажеттігі туралы мәселелер талқыланды. Кездесудің басты мақсаты-кәсіподақ қатарын толықтыру!