Алматы қаласында волейболдан турниры

Алматы қаласында волейболдан турниры

20.04.2019 Off By Администрация сайта

2019 жылы 20 сәуір күні алдағы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай және Президент мұрағатының 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан мұрағатшылары арасында волейболдан турнир өтті. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы»  Қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы осы турнир аясындағы жарысқа қолдау көрсетті. Бәсекеге 4 құрама қатысты: «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік мұрағаты» РММ, Алматы қалалық мұрағаты, сондай-ақ ҚазҰУ университетінің, Тарих және мұрағат ісі факультеті студенттер құрамасы.

Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға шақырумен қатар, кәсіподақ мүшелерін спортпен айналысуға тарту және мемлекеттік,банк мекемелері қызметкерлері кәсіподағының басты идеясын алға ілгерілету болып табылады.

Турнир соңында салалық кәсіподақ төрайымы Д. М. Айнақұлова жеңімпаздарды құттықтап, үздік ойыншыларға мадақтау қағазы мен кубоктарды табыс етті! Сондай-ақ, ол мұндай іс-шаралар ұжымдық рухты нығайтып, денсаулық үшін пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Өткізілген турнир Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған іс-шаралардың бастауы болып табылады.